Присоединиться к нам
Наш менеджер с радостью проконсультирует Вас бесплатно
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
Скрытое поле:
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена
Главная/Oрталық жайында

Oрталық жайында

Қайырымдылыққа бір алланың өзі жар болады!

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ МҮГЕДЕКТЕРІ МЕН ҚАЗА БОЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ОТБАСЫНА КӨМЕКТЕСУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің замандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның нық қалыптасып және аршынды дамуы сияқты тарихи оқиғаның куәсі ғана емес, соның тікелей жүзеге асырушы болғандығын мақтаныш ете алады! Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевпен бірге көп ұлтты мемлекетіміздің барша халқы еліміздің тұрмыс-тіршілігінің басты негізі болып табылатын, шынайы тәуелсіздігі мен жарқын болашаққа деген сенімінің көрінісі болып саналатын экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырып жатыр.

            Міне, 2005 жылдан бері қарай Ел Басымыздың жыл сайынғы халыққа жолдауында адамға деген қамқорлықтың нақтылы белгілері одан сайын айқындалып, дәйекті көрініс табуда. Реформаның табыспен жүзеге асып жатқанын ең алдымен сезінушілердің қатарында зейнеткерлер мен бюджеттік мекемелер қызметкерлері, көп балалы аналар мен кемтарлардың болуы, әрине, табиғи құбылыс. Өйткені, олардың еңбек ақыларына, зейнет ақыларына, жәрдем ақыларына міндетті түрде тағайындалған қомақты үстеме өсімдер жыл сайын қосылу үстінде.

            Қоғамымыздың ең әлсіз, қорғаусыз жамағаттары  қарттарға, мүгедектерге, асыраушысынан айрылған от басыларына мемлекет тарапынан бұдан ары да жәрдем көрсетіп, тірек бола беретініне еш күмән жоқ.

            Оңтүстік астанамыз бен Алматы облысы бойынша осындай мерейлі іс атқарып келе жатқан белгілі қайырымдылық қорлардың бірі - Алматы қаласындағы құқық қорғау қызметкерлерінің кемтар болып қалған және апаттан қайтыс болғандардың отбасыларына жәрдем көрсету Орталығы.

            Орталық 1995 жылы құрылып, Алматы қаласының құқықтық Департаментінде қоғамдық ұйым есебінде тіркелді.

            Қандай да бір мерейлі іске бағытталып, биік мақсат көздегендерімен, қазіргі қайырымдылық қорларының өз қамқорлықтарына алған адамдарына дәл өздері қалағандай нәтижеге жете қоюлары  қиын мәселе. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру - өз ісіне біржолата берілген, өмір жолын сол іске толықтай арнаған, табанды, басқалардың жанына батқан қиыншылығын өз басының қиыншылығы деп қабылдайтын адамның ғана қолынан келеді.

Міне, нақ осындай адам  Алматы қаласындағы Құқық қорғау қызметкерлерінің кемтар болып қалған және апаттан қайтыс болғандардың отбасыларына жәрдем көрсету Орталығының төрағасы  Асылбек Османов.

            Республика Ішкі істер министрлігінің запастағы офицері, 1- дәрежедегі кемтар, қызмет бабында жүріп біржолата суқараңғы болып қалған ол сол қиындыққа төзді әрі жеңе білді. Белсенділік қатардан қалмай, қоғамдық тәртіпті сақтау жолында, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау ісінде өмірлерін қиған, кемтар, мүгедек күй кешкендердің отбасы, бала-шағаларына жан аямай, қолынан келген көмектің бәрін жасап жүр.

            Ел Басымыздың талап-тілектеріне орай мемлекеттік ұйымдардың барлық мүмкіндіктерін, қоғамдық бірлестіктерді тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеп, гүлдене беруіне, оның азаматтарының әл-ауқаттарының жақсара түсуіне, қоғамдық, азаматтық қалыптарының жан-жақты қорғалуына қызмет етіп, соған күш-жігерін жұмсауды Асылбек ең бірінші борышым деп санайды. 

Бұл күндері Орталықтың қамқорында азаматтары өмірден қайтқан, кемтар, мүгедек болып қалған 40-тан аса отбасылардың жанұялары біріккен. Негізінен, демеушілердің, әртүрлі ұйымдар мен жеке адамдардың арнаған қаржысынан сүйеніш етіп отырғандарына қарамастан, Орталық Жаңа жылдық мейрамдар қарсаңында, еліміздің мерейіне арналған мерекелі күндерінде ойын-сауықтар ұйымдастырып, көпшіліктік мәдени, тарихи демалыс орындарына саяхат жасап, конкурстар мен викториналар өткізіп, әрбір жаңа оқу жылына өз мөлшерлерінше дайындықтар ұйымдастырады.

            Орталықтың осындай істеріне салтанат залдарын үнемі беріп тұратын «Бастау» клубына деген балалардың рахметтері ерекше. Әсіресе, клубтың шарларымен қоса сырғанап, асыр салып ойнағандағы шын қуанышқа толы балғындардың бақытты жүздерін сөзбен жеткізіп тауыса алмайсың. Сайран көлінде су велисипедін тебу, Қапшағай су қоймасында суға шомылу, биік таудағы Есік көліне саяхат жасау  балалардың бір қуанышты шақтарына жатады.

            Орталықтың аса қастерлі де қасиетті ісі  ішкі істер қызметкерлерінің өз міндеттерін атқару үстінде қаза тапқандарына арнап Алматы қаласынан ескерткіш орнату болды.

            Орталық 1997 жылы Алматы қаласының ішкі істер Департаментімен қосылып осындай ескерткіш ашу турасында өте үлкен ұйымдастыру әрі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қаржы жинады. Кейінгілердің тыныштығы мен өмірі үшін жандарын қиып, құрбан болған ерлерге арналған осы ескерткіш бұл күнде Ішкі істер Департаментінің ғимаратының алдында тұр. Ерлік пен Отан сүйгіштіктің символы есебінде бой көтеріп, мәңгілікке жол нұсқап тұрған іспетті. Қасиетті де, қастерлі орын саналатын осы жер ішкі істер арнайы құрамдарының салтанатты рәсімдерін өткізетін, өмірден ерте кеткен боздақтарды еске түсіретін орынға айналды.

Орталық өзінің белсенді іс-әрекетін ай сайын, жыл сайын жандандыру үстінде. Табанды да бірегей іс жүргізіп келе жатқан Орталықтың беделі әйгіленіп өсу үстінде. Сондықтан да, оған игі тілек тілеп, шын ықыластарымен көмек көрсетушілер көбею үстінде. Кейбір фирмалар азаматы құрбан болған жанұяларды түбегейлі қамқорлықтарына алып, ай сайын қаржы аударып тұрады.

Орталықтың ұсыныстары мен тілектері Алматы қаласының ішкі істер қызметі мен бөлімдерінің және басқа да құқық қорғау салаларының қызметкерлері тарапынан үнемі қолдау тауып отырады. Осындай ықыластың арқасында Орталықтың төрағасы мен өкілдіктері қалада және Департамент бойынша өтіп жататын көптеген қоғамдық  саяси іс-шаралардың бәріне үзбей қатысып отырады. Мысалы, Қала күні, ант қабылдау шаралары, жас қызметкерлер мен тәлімгерлердің Слеті, спорттық көпшілік шаралары мен Республика Ішкі Істер министрлігінің ресми шараларынан құрметті орын алады. Республика Ішкі Істер министрлігінің коллегиясында Орталықтың жұмысы арнайы аталып өтіліп, ішкі істер Департаменттерінің барлық бөлімдеріне үлгі есебінде ұсынылды.

            Ішкі істер мекемелеріндегі қоғамдық істерге белсене араласып, арнайы құрамдарда жүргізген патриоттық және өнегелік тәрбиелік жұмыстары үшін, әсерлі жүргізген қайырымдылық жұмыстары аталып, Орталық жыл сайын Республика Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары бойынша ІІМ-нің, Ішкі істер Департаментінің грамоталарымен марапатталды.

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында Орталық Төрағасы мемлекеттік марапаттармен марапатталды.

            Орталықтың іс-жұмыстарының бағыты мен бағдарын Республика діни Орталықтары: Мұсылмандар орталығы мен Алматыдағы православия Шіркеуінің Епархиі әрі баталарын беріп, әрі жан-жақты қолдау көрсетіп отырады. Орталық халықаралық ұйымдармен де, қайырымдылық көрсету жолында тәжірибе алмасу Қорымен де екіжақты байланыс жасап тұрады. Жұртшылыққа қоғамдық жәрдем көрсету саласындағы халықаралық байланыс бойынша Шотландия іскерлерімен А. Османовтың Алматыда кездесуі өтті.

            Орталық атқарған жұмыс қорытындысының алғашқы жиынтық есебі Алматы қаласындағы Ішкі істер музейінде өткен экспозициялық байқауда анық көрінді. Бұл байқаудың қаржылық жұмыстарын табуда Орталықтың өзі белсенділік көрсетті. Алайда, Орталықтың басшылығы мен оның мүшелерінің қайырымдылық жұмысындағы ең басты жетістігі  олардың ертеңгі күнге деген нық сенімі мен өз күштеріне беріктігінде, өз қамқорлықтарына алған жандардың өмірлері мен көңіл күйлерін жақсартуға деген құлшыныстары мен соған берілгендіктерінде.          

           Орталық өздері атқарып отырған осы бір қиын да мерейлі істеріне көмек көрсеткендерге және бұдан ары да бірлескен ынтымақты іс жүргізе беретініне нық сенім білдіреді. Өйткені, көмек пен сүйеу күтетін адамдардың тағдырлары бәріне де ортақ деп біледі.

            Орталықтың ары қарай дами беру келешегі, ең алдымен, қазіргі мөлшері мен қалпын да, қайырым жасау іс-шараларын да жетілдіре беру мен кеңейте түсу шараларына байланысты. Бұл үшін сырттан көмек беру істері жеткіліксіздік етеді, сондықтан да Орталық халыққа қызмет көрсету салаларының бәрін атсалысуға шақырып, шағын бизнес дәрежесінде қолдануды ұсынады. Өйткені, біздің де мүмкіндіктеріміз бен қабілетіміз қажетті іс атқара алатын шаралар жетерлік.

            Біз өзіміздің мұқтаждарымыз бен қажеттіктерімізге түсіністікпен қарап, жәрдем қолдарын ұсынғандарға алғыс сезімімізді білдіреміз.

           Көп азаматтар орталық ісіне белсенді атсалысқысы келеді. Орталықтың мақсаттары мен мүддесін қорғағысы келетін әрбір азаматқа мүше болуға есік ашық.

Контактная информация
Звоните по номеру:
Мы  находимся по адресу:
Республика Казахстан, 050060, г. Алматы, ул.Ходжанова,17
Электронная почта:
ИНН 012345678910
ОГРНИП 109876543210000
Rambler's Top100
Хочу помочь
Наш менеджер с радостью проконсультирует Вас бесплатно
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Ваше сообщение*
Скрытое поле:
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена